Мықты қуат беретін 4 таңғы ас

Мықты қуат беретін 4 таңғы ас

Таңертең керуеттен тұрып, сабаққа немесе жұмысқа барғыңыз келмейтін кездер болады. Ондай кезде тек қана кофе емес, таңғы ас та пайдалы. Сондықтан бүгін біз сіздерге көңіл-күйіңізді көтеріп, мықты күш беретін тамаша таңғы ас түрлерін ұсынғалы отырмыз. 

1. Құймақ

Ингредиенттер:

2 стақан ұн;

1/2 шай қасық қопсытқыш;

2 шай қасық тұз;

1,5 шай қасық даршын;

2 шай қасық қант;

2 жұмыртқа;

2 стақан майы алынған сүт;

1 шай қасық ваниль.

Дайындау жолы:

Барлық құрғақ ингредиентті араластырып, жұмыртқа мен сүт қосыңыз. Сосын сұйық қамырды табаға құйып, қалаған жеміс-жидегіңізді қоса аласыз. Шамамен 20-30 минут 180 °C-та пісірсеңіз, дәмі тіл үйіретін құймақ шығады. 

2. Алма және даршын қосылған сүзбе

Ингредиенттер:

3/4 стақан майы алынған сүзбе;

1 алма;

1/4 шай қасық даршын.

Дайындау жолы:

Тәрелкеге сүзбе мен кесілген алманы салып, үстіне даршын себіңіз.

3. Ыстық бутерброд

Ингредиенттер:

Бөлке;

50 г саумалдық;

қызанақ;

1 қатты піскен және көлденеңнен кесілген жұмыртқа;

1 ас қасық майонез.

Дайындалу жолы:

Бөлкені ысытып, екіге бөліп, саумалдық пен қызанақты және майонез бен жұмыртқаны саласыз. Ал үстіне өзіңізге ұнайтын дәмдеуіш құралдарды қосуға болады. 

4. Банан мен сұлыдан жасалған смузи

Ингредиенттер:

50 г сұлы қауызы;

100 г майы алынған йогурт;

1 банан;

100 г майы алынған сүт;

2 шай қасық бал.

Дайындалу жолы:

Жоғарыда айтылған ингредиенттердің бәрін блендерде араластырсаңыз болғаны. 

Ұқсас жазбалар:

Мұндай тортты көрдіңіз бе?

Ұйықтар алдында не жеуге болады?

Сурет: nasha-kuhnya.com

Ж. Исакаев