- Негізгі бет
- Аспаздық
- Мультипісіргіштің ерекше қызметтері...
Мультипісіргіштің ерекше қызметтері
Қазір әйелдер де ерлермен табан тіресіп жұмыс істеп, үйде отыра алмайтын заман туды. Мансапты маңызды санайтын әйелдерден отбасына дәмді ас әзірлеуге ұзақ уақыт бөле алмайтынын естісек, таңғалмаймыз. Олардың бағына орай мультипісіргіш әмбебап құрал бар. Алайда осы ғажап нәрсенің ғажайыбын толықтай пайдаланбай жүрген болуыңыз да мүмкін.
"Бұқтыру" (тушение) пернесін басып, бір сағатта сүт пісіруге болады. Балаларыңызға қолдың табиғи сүтін беретін болсаңыз, таңертең жұмысқа жиналарда сүт пісіру де біраз уақыт алады, оның жанында қарап тұрмасаңыз, күйіп кетеді де, пайдаға аспай қалады. Осындай жағдайда мультипісіргішті пайдалансаңыз болады. Ал егер шикі сүтіңіз тоңазытқышта тұрған болса, оның уақытын бір жарым сағатқа қойыңыз. Ал егер 5-6 сағатқа қойсаңыз, сүттен керемет ерітілген май пайда болады.
Жұмыртқа "буда пісіру" (варка на пару) режимінде 5-10 минутта пісіп дайын тұрады.
Картопты палау пісіретін режимге қойып дайындасаңыз, тағамның түсі де, дәмі де ерекше боп шығады. Осы режимде тұшпара да пісіруге болады. Мұздатқыштағы тұшпараны салып, үстіне жарты стақан су, тұз, бір қасық сары май салсаңыз болды.
"Пісіру" (Выпечка) режимінде балықты не басқа да етті керемет етіп қуыруға болады.
"Бұқтыру" режиміне қойып, астына гарнир салып, үстіне ет, тауық еті, котлет секілді тағамдарды қойып, екі тағамды бірге пісірсеңіз, үстіндегі тағамның суы гарнирге ағып, керемет дәм береді. Осы режимде өзіңіз жақсы көретін кез келген сорпа бір жарым сағатта дәмі тіл үйірерліктей боп дайындалады.
@. @assel_assanova