Үй шаруасындағы бойжеткен үшін микротолқынды пештің пайдасы зор. Оның көмегімен тек тамақ жасап, асты жылытуға болады деп ойласаңыз, қатты қателесесіз. Поп-корн пісіру, зефир мен шоколадты еріту, дезинфекциялау сынды түрлі әрекетті жүзеге асыра аласыз. Назарыңызға микротолқынды пешті пайдаланудың тағы екі тәсілін ұсынамыз. Баяндалатын екі тәсілдің көмегімен ас үйдегі жұмысыңызды жеңілдетіп, уақытыңызды үнемдейсіз.
1. Банкілерді стерилдеу
Бұл сіз ойлағаннан әлдеқайда тез жүзеге асады. Мұнымен қатар, кез келген формадағы банкіні тазалай аласыз. Банкілерді содамен жуып, ішіне 30 мл су құйыңыз. Артынша микротолқынды пештің ішіне салып, 2-3 минутқа қалдырыңыз. Темпаратураны барынша көтеруді ұмытпаңыз.
2. Орамжапырақ жапырақшаларын пісіру
Орамжапырақты қайнату қиын болғандықтан, голубцы тағамын сирек жасаймыз. Енді фаршталған орамжапырақ, лазанья сынды тағамдарды оңай әзірлейсіз. Бар болғаны орамжапырақты жақсылап жуып, микротолқынды пешке 15 минутқа салып қойыңыз. Арасында біркелкі пісуін қадағалаңыз.