- Негізгі бет
- Аспаздық
- Мәзір:"Экспресс палау”...
Мәзір:"Экспресс палау”
Ас дайындауға көп уақыты бола бермейтен қыздарға, сондай-ақ үй палауын аңсап жүрген студент жігіттерге арналған палаудың экспресс жасалу жолы. Құрамы мен дайындалу жолы өте оңай мәзір.
Құрамы:
Тартылған ет - 300 гр.
Сәбіз - 3 дана
Пияз - 1 дана
Күріш - 2 кесе
Сұйық май - 1/2 кесе
Тұз - 1/2 ас қасық
Су - 3 кесе
Дайындалуы:
- Сәбізді бірдей көлемді ұзын текшелерге тураймыз;
- Пиязды да бірдей көлемді ұзын текшелерге тураймыз;
- Тартылған етті қуырамыз;
- Қуырылған етке сәбізді, біраздан кейін пиязды қосамыз;
- Қазанға су құйып, қайнатамыз, тұз қосамыз;
- Күрішті жуамыз;
- Қазанға күрішті саламыз;
- Су толықтай буланып кеткенін күтеміз (жарты сағат шамасында). Бұл кезде қазанды ашпаймыз;
Палау дайын! Астарыңыз дәмді болсын!