Мәзір:“Алғашқы бәліш”

Мәзір:“Алғашқы бәліш”

Ас дайындауды енді үйреніп жүрген қыздарға арналған тамаша мәзір. Құрамы мен дайындалу жолы тым жеңіл бұл бәлішті жасау әркімің-ақ қолынан келеді. Торт жасауды үйренгісі келіп жүрген ер азаматтарға да осы мәзірден бастауға кеңес береміз.

Құрамы:

Ұн — 2 стақан

Жұмыртқа — 2 дана

Айран — 2 стақан

Қант — 1 ас қасық

Қақ өрік пен мейіз (немесе басқа жеміс) — талғамға қарай

Өсімдік майы — 1 ас қасық

Дайындалуы:

  • Қант пен жұмыртқаны ыдысқа салып, миксердің көмегімен шайқаймыз.

  • Үстіне айранды құямыз.

  • Өсімдік майы құйылады.

  • Енді қоспаны араластыра отырып, ұнды себеміз.

  • Миксердің көмегімен соңғы рет әбден араластырамыз.

  • Енді арнайы қалыпқа не үлгілерге туралған қақ өріктер мен мейіздерді саламыз.

  • Үстіне дайын болған ұн қоспасын құямыз.

  • 180С температурада қызған пешке 20 минутқа саламыз.
  • Дайын болғаннан кейін қалыпты төңкеріп, бәліштерді түсіреміз.

Астарыңыз дәмді болсын!

А. Байжан