Учпучмак сөзі «үшбұрыш» деп аударылады. Бұл тағам татар асханасына тиесілі. Дәмді әрі дайындалуы оңай. Алайда чебурек, янтык, самса сынды әйгілі емес. Әр аспаз оны өздігінше өңдеп, отбасының талғамына лайықтап, өзгеріс енгізіп отырады. Осыған орай, дайындалу әдісі де көп. Кезекті материалымызда Бақыт Сыздықованың мәзірін ұсынамыз.
Қамырды дайындау үшін бізге:
- 300 г қаймақ;
- 120 г сары май;
- 5 г ашытқы;
- 3 г тұз;
- 400 г ұн қажет.
Салмасын дайындау үшін:
- 160 г қаз еті;
- 480 г сиыр еті;
- 80 г тауық майы;
- 120 г пияз;
- 10 г тұз,
- 3 г қара бұрыш керек.
1. Қаймақ пен сары майды, ашытқы мен тұзды бір ыдысқа салып, жақсылап араластырамыз. Үстіне ұн салып, нан илейміз. Дайын болған қамырды әрқайсысы 24 г болатындай 40 бөлікке бөлеміз. Бөлген нандарымызды қалыңдығы 1-2 мм болатындай жаямыз.
2. Етті, картопты, пиязды төртбұрыштап тураймыз. Ерітілген тауық майын, тұз бен бұрышты қосамыз. Артынша барлығын жақсылап араластырамыз. Жақсылап араластырған соң әр нанға 35 г-нан саламыз.
3. Қамырдың шетін ұшбұрыш шығатындай біріктіреміз.
4. Дайын болған учпучмактарды пештің майланған ыдысына орналастырып, 15 минутқа 160 градуста қызып тұрған пешке саламыз. Артынша 30-40 минутқа 180 градуста қызып тұрған пешке саламыз.
Әдетте учпучмакты сорпамен бірге береді. Астарыңыз дәмді болсын!