Кейде қарапайым әдіспен әзірленген тағамдардың дәмі тіл үйіреді. Оларды, тіпті, мейрамханада әзірленген аспен қатар қоюға болады. Осындай тағамдардың бірі – тефтелдер. Ол калориясы аз азық-түліктен әзірленетіндіктен, диета ұстап жүрген бойжеткендер де жесе болады. Аспаз блогерлердің бірі Леди Mail.Ru-де рецептісімен бөліскен екен. Оны назарларыңызға ұсынамыз.
Қажет азық-түліктер тізімі:
- 500 мл су;
- 500 г тауық еті;
- 400 г орамжапырақ;
- 1 бас пияз;
- 2 тал қызанақ;
- 1 тал сәбіз;
- 60 г қаймақ;
- 1 тіс сарымсақ;
- тұз;
- қара бұрыш;
- қосымша дәмдеуіштер.
1. Тауық етін жуып, кептіріп, одан фарш жасаймыз. Орамжапырақ пен сарымсақты да осылай майдалап, фаршқа қосамыз.
2. Фарштан орташа көлемдегі тефтелдер жасаймыз.
3. Қызанақты үккіштен өткізіп, пияз бен сәбізге қосып қуырамыз. Қалауымызша тұз сеуіп, қаймақ қосамыз.
4. Тұздықтың үстіне тефтелдерді салып, 40 минут бұқтырамыз. Соңында қосымша дәмдеуіштерімізді (кептірілген сарымсақ, италиялық шөптер, лавр жапырағы) қосамыз.
5. Тефтелдеріміз дайын. Жанына күріш немесе картоптан әзірленген пюро қоюыңызға болады. Астарыңыз дәмді болсын!