Ұнсыз бәліш пісірмейді деп ойлайсыз ба? Мына бәліш ұнсыз-ақ, дәмді, нәзік болып піседі.
Құрамы:
"творопыш" ұнтағы; сүзбе - 800 гр; жұмыртқа - 5-6 дана; сүт - 250 гр; қант - 150 гр; кішкене майдаланған мейіз; ванильді қант - 1 пакет.
Жұмыртқалардың сарысы мен ағын бөлеміз.
Ақуызды миксер көмегімен 5 минут бойы көпіртеміз.
Жұмыртқаның сарысына сүт, сүзбе, "творопыш" ұнтағын, ванильді қантты қосамыз.
Көпіртілген ақуызды біртіндеп қамырға қосамыз.
Үлкен қасықпен араластырамыз.
Пішінді майлап, қамырды құямыз. 170 градусқа 40-50 минутқа қоямыз.
Піскен бәлішті пеште суығанша қалдырамыз.
Бәліш дайын. Бәлішті суық кезінде дастарханға берген дұрыс. Астарыңыз дәмді болсын!
Дайындаған: Сания Аринова