Барлығымыз шайды тәттілермен ішкенді жақсы көреміз. Тәттіні дүкендерден сатып алғаннан, қолдан жасағанға не жетсін...Онда бүгін оңай дайындалатын, бірақ дәмі тіл үйіретін «Шоколадтан жасалған торттың» мәзірін ұсынамыз.
Қамырдың құрамы:
Ø 2 стақан ұн; Ø 2 стақан қант; Ø 2 жұмыртқа; Ø 1,5 шай қасық ас содасы; Ø 1,5 шай қасық қопыртқыш; Ø 7-8 ас қасық какао ұнтағы; Ø 1 стақан сүт; Ø 1 шай қасық қант ванилині; Ø ½ стақан сұйық май; Ø 1 стақан ыстық су;
Кремін дайындауға қажетті құрамдас бөліктері:
3 жұмыртқаның сары уызы; 250г сары май; ½ стақан су; 6 ас қасық қоютылған сүт (сгущенка); 50г сүтті шоколад
1. Қамырды дайындауды бастаймыз. Көлемі үлкен ыдыс алып, жұмыртқа+қант+ванилинді араластырамыз.
2. Пайда болған қоспаға ұн, сода, қопыртқышты қосамыз. Пайда болған қамырды барынша көп араластырамыз.
3. Қамырға сүт + какао + сұйық майды құйып араластырамыз.
4. Араластырып болған соң, ысық суды құямыз, тағы да араластырамыз. Қоспа сұйық болады.
5. Форманы сары маймен алдын ала майлап, пайда болған қоспамыз құйып, алдын ала қыздырылған пешке саламыз. Температурасын – 180-200 градус қылып, 40 минут пеште пісіреміз.
Бисквиттің толық піскенін білу үшін ортасына зубочистка тығып көреміз, егер зубочистка құрғақ болып шықса, бисквитіміз дайын.
Кремді дайындауға кірісеміз:
Жұмыртқаның сарысын араластырып, су және қоюлатылған сүтті қосып тағы араластырамыз:
Тортты жасауды бастаймыз...
Бисквитті арнайы пышақпен немесе жіппен 3 қабатқа бөлеміз. Бірінші қабатты қойып, үстінен кремді жағамыз.
Екінші және үшінші қабаттарды қойып, олардың да үстіне және жанына кремді жағамыз. Торттың үстіне шоколадты үккіштен өткізіп себеміз. Қиялымызға байланысты қалған кремнен (бір рет қолданылатын пакет алып, бір ұшын тесеміз) сөздер, гүл немесе т.б. фигуралар жасаймыз.
ТОРТЫМЫЗ ДАЙЫН...АС БОЛСЫН, ДОСТАР!!!
Тортты дайындаған: Жазира Орынбасар