- Негізгі бет
- Аспаздық
- Мәзір: Шекер бөлігі...
Мәзір: Шекер бөлігі бәліші
Жігіттеріміздің мерекеге арналған сыйлықтары таусылар емес. Мына бір тәтті бәлішті Мақсат арнайы массагеттік арулар үшін өз қолымен жасап шықты.
Бұл түріктің тәтті тағамын өте жылдам дайындауға болады. Үйге қонақтар келген болса, бар-жоғы 40 минутта асты дайындап шығуыңызға болады. Есімі айтып тұрғандай, бәлішті дайындауға көп қант кетеді. Бірақ, тәтті бәлішті шаймен қосып, жегенге не жетсін!
|
Құрамы: |
жұмыртқа—2 дана; |
қант—0,5 кг; |
Маргарин—250 грамм; |
ұн—500 гр; |
қамыр қопсытқышы—15 гр; |
ванилин - 15 гр; |
қант ұнтағы - 150 гр; |
Жарма ұнтағы - 3 қасық |
кешью жаңғағы |
Лимон - 1/2 |
Бірінші, маргаринді жақсылап араластырып аламыз. Маргарин ішінде ірі бөлігі қалмағаны абзал. Маргарин араласып болған соң, ұнды аз-аздан араластыра отырып қосамыз. |
|
|
Ұн мен маргаринді араластырып болсаңыз, жұмыртқа, ванилин, қант ұнтағы, жарма ұнтағы, қамыр қопсытқышын қосамыз. |
Дайындалып жатқан қамырыңыз қолыңызға жабыспайтындай болуы керек. Егер де жабысып жатқан болса, аз-аздан ұн қосыңыз. |
Қамырыңыз дайын болған болса, қамырға дөңгелек пішін беріп, қалыпқа саламыз. Жасалған қамырларыңыздың арасы ашық болуы тиіс. Кешью жаңғағын қамыр бетіне бір-бірлеп қойып шығамыз. Жасап болсаңыз, алдын ала ысытылған пісіру пешіне 160 градусқа, шамамен 20-30 минутқа қоямыз. |
Бұл мезетте тәттіге арналған лимон шырынын дайындап қоямыз. Шырын біздің тәттіміздің дәмін келтіретін ең маңызды бөлігі болып табылады. Ол үшін отқа төзімді бір ыдысқа 4 стақан қайнаған су мен кесілген жарты лимон және қантты салып, қайнатамыз. |
Пісіру пешінен дайын болған бәлішімізді шығарып, оның үстіне шырын суынан құйыңыз. Барлық бәліштің үстіне шырыннан құйып болған болсаңыз, тез арада ыдыстан шығарып, таза ыдысқа бәлішті қойыңыз. Басқа жағдайда бәлішіңіз еріп кетуі мүмкін. |
Бәлішіміз дайын. Ас болсын! |