- Негізгі бет
- Аспаздық
- Мәзір: "Ірімшік қосылған...
Мәзір: "Ірімшік қосылған хычин"
Ірімшік қосылған бәліш өте жұмсақ. Оны жасы үлкен қария да, асыр салып ойнаған бала да сүйсініп жейді. Хычинді әзірлеу үшін көп уақыттың немесе қымбат азық-түліктің қажет жоқ.
Қамырға қажет азық-түліктер:
— 500 мл айран немесе қаймақ;
— 2 тал жұмыртқа;
— 100 гр сары май;
— 300 гр ұн;
— 0,5 шай қасық ас содасы;
— 0,5 шай қасық тұз.
Салмасына қажет азық-түліктер:
— 300 гр ірімшік;
— 2 тал жұмыртқа;
— 0,5 шай қасық қара бұрыш;
— 0,5 шай қасық тұз.
1. Айран, жұмыртқа, тұз, сары май барлығын араластырып, ұн қосамыз. Ас содасын қосуды ұмытпаймыз. Қолға жабыспас үшін дастарханның бетіне ұн себеміз. Артынша қамырды илейміз. Дайын болған қамырды 15-20 минутқа қалдырамыз. Бетін ыдыспен жабамыз. Кейін қамырды жайып, бәлішке арналған ыдысқа саламыз.
2. Ірімшікті қолмен үгітеміз. Жұмыртқаға тұз бен бұрыш қосып, жақсылап араластырамыз.
3. Жұмыртқаны ірімшікпен араластырып, бәліштің бетіне саламыз. 180 градуста қызып тұрған пеште 25 минут пісіреміз.
4. Дастарханқа қоймас бұрын, 15-20 минут суығанын күтеміз. Астарыңыз дәмді болсын!
Ал сіз хычин жасап көргенсіз бе?
Қ. Бүйенбай