Мәзір: Ірімшік қосылған галеталар

Мәзір: Ірімшік қосылған галеталар
Фото: koolinar.ru

Тәтті галеталар дастарханның сәнін кіргізіп қана қоймай, өзінің ерекше дәмімен таң-тамаша етеді. Бұған көз жеткізу үшін оны үйде дайындап көріңіз.

Қамыр:

- 100 гр ірімшік;

- 100 гр сары май;

- 100 гр ұн;

- 1 жұмыртқа;

- тұз.

Салма:

250 гр өрік;

- 60 гр таңқурай;

- 4 ас қасық қант;

- 1 ас қасық жүгері крахмалы.

Дайындалуы:

1. Қамырға арналған азық-түліктердің барлығын араластырамыз.

2. Қамырды 30 минут тоңазытқышқа қоямыз.

3. Қамыр тынғанға дейін салмасын дайындаймыз. Өрікті жақсылап жуып, 4 бөлікке бөлеміз. Таңқурай қосамыз. Қант сеуіп, араластырамыз.

4. Нан жаятын жерге ұн себеміз. Қамырды 4-ке бөлеміз. Әр бөлікті жайып, үстіне крахмал себеміз. Крахмалды шетіне жеткізбейміз.

5. Салманы ортасына салып, шетін біріктіреміз. Бетіне сары май жағамыз. 

6. 200 градуста 15 минут пісіреміз. Кейін бетіне қант ұнтағын себеміз. Галеталарымыз дайын!

Қ. Бүйенбай