Мәзір: Пісіру пешіндегі картоп

Қарапайым картопты қуырып жеуден жалықтыңыз ба? Ендеше мына мәзірді жасап көріңіз. Суға піскен картопты пісіру пешіне дәмдеуіштер қосып пісірсеңіз, картоп ерекше дәмді болып піседі.

Құрамы:

картоп - 8-9 дана; сұйық май; тұз; бұрыш; қалауыңыз бойынша дәмдеуіштер. Картопты тазалап, жуамыз. Жас, майда картопты алған жөн. Үлкен бөліктерге бөлеміз. Қайнап тұрған суға тұз қосып, картопты 5-7 мин пісіреміз.  Картоп кішкене шикі болып шығу керек. Піскен картопқа май, тұз, бұрыш және дәмдеуіштер қосамыз. Пісіру пешінде 180 градусқа жарты сағат шамасына қоямыз.  Картоп дайын! Асыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Сания Аринова