- Негізгі бет
- Аспаздық
- Мәзір: Майонез...
Мәзір: Майонез
Майонез күнделікті рационымызда тұрақты орынды иеленіп отыр. Үйреншікті дүкен майонезін еш зияны жоқ, табиғи, қолдан жасалған майонезбен алмастырыңыз.
Құрамы:
| |
Жұмыртқаға тұз, қыша ұнтағын, лимон шырынын қосыңыз. Майонезді алғаш даярласаңыз, қыша мен лимон шырынының жарты шамасын қосыңыз, олар артық болып қалса, майонездің дәмі тым ащы не қышқыл болуы мүмкін. | |
Блендер көмегімен араластырамыз. | |
Ақырын, бірнеше тамшыдан май қосып, араластырып тұрамыз. Май неғұрлым көп болған сайын, майонез қоюлана түседі. | |
Дәмін көріп, қажет болса, тағы тұздап, қыша мен лимон шырынын қосыңыз. |
Үй майонезі дүкеннің майонезі сияқты ұзаққа сақталмайды. Сондықтан, оны аз-аздан жасаған жөн.
Дайындаған: Сания Аринова
С. А