Мәзір: "Манзандар"

Мәзір: "Манзандар"
Фото: koolinar.ru

Баялды – өзінің ерекше дәмімен тіл үйіретін, құрамында түрлі дәрумен мен минерал бар көкөніс. Пектин, ақуыз, калий, кальций, фосфор, темір, магний, натрий жасұнықтары кездеседі. Құрамында РР дәрумені болғандықтан, никотинге тәуелділіктен арылуға көмектеседі. Кезекті материалымызда баялдыдан манзан дайындаудың тәсілін ұсынамыз. Бұл тағамды грекше фаршталған баялды деп атасақ та болады.

Бізге:

- 3 кг баялды;

- 1 кг сәбіз;

- 1 кг орамжапырақ;

- 400 г болгар бұрышы;

- 100 г ақжелкен;

- 100 г сарымсақ;

- тұз қажет. 

1. Баялдыны жуып, керексіз бөліктерін кесеміз. Ортасын бір тіліп, дайын болғанша пісіреміз.

2. Піскен баялдының шырынын сығып аламыз. 

3. Сәбіз бен орамжапырақты үккіштен өткізіп, ақжелкен үшеуін бұқтырамыз. 

4. Көкөністерден әзірленген фаршты баялдының ішіне салып, сыртын жіппен ораймыз. Бетіне тұз себеміз. 

5. Манзандарымыз дайын. Астарыңыз дәмді болсын!

Қ. Бүйенбай