Мәзір: “Қызыл алма” салаты

        Бұл салатты дайындап жүрген ханымдар оның әрі дәмді, әрі тойымды, сонымен қатар, қабылдауға  ауыр емес екендігін айтады. Салат “қызыл алма” атауына ие болғанымен, құрамына бұл жеміс кірмейді. Дегенмен, безендірілуі алманы еске түсіреді. Дайындалу жолымен бөлісуді ұйғардық, сіз де әзірлеп көріңіз:

 Құрамы:

Піскен тауық еті — 2;

Апельсин — 1;

Піскен картоп — 1;

Піскен жұмыртқа — 3;

Майонез — 200 гр.;

Ақ желкен — 1 бума;

Қызылша — 2;

Ірімшік — 200 гр.;

Қияр — 1.

 

Дайындалуы: 

Құрамда көрсетілген көкөністер мен апельсин жемісін майда етіп турап аламыз;

                    

Көлемі үлкен тәрелкеге құрамда көрсетілген азықтарды қабатпен салу керек;

                     

Бірінші қабаты — піскен тауық еті. Тауық етін тәрелкеге жайып, үстіне майонез жағамыз; Екінші қабаты — асылған әрі майда етіп туралған жұмыртқа. Жұмыртқаға да майонез жағылады;

       

Жұмыртқадан кейін майда етіп туралған қияр төселеді; Келесі қабат — үккіштен өткізілген, асылған картоп. Әдеттегідей, аз мөлшерде майонез жағылады; Картоп үстінен апельсинді турап саламыз;             

Көлеміне назар аудару керек: салат алма пішініндей болғандықтан, бірінші қабатынан бастап оның дөңгелек пішінде орналасуын қадағалап отыру қажет;

Одан кейінгі қабат үккіштен өткізілген ірімшіктен төселеді. Ірімшікке де майонез жағылады;

                    

Келесі қабат қызылшадан болады. Соңынан барып жұқалап қана майонезді жағамыз;

                    

Аскөктің бірнеше талын алманың үстіне және астына салып, алманың нақ үлгісін шығарамыз.

                     

Салат дайын! Астарыңыз дәмді болсын!