Соңғы кезде Mассагеттің аспаздық бөлімінде торт мәзірлері көбейіп кеткенін байқадыңыз ба? Сірә, мерекелер мен отырыстардың көптігіне байланысты болар. Осы қарқынымыздан таймай, дастарханның сәніне айнала алар мына "Күн мен түн" тортын ұсынбақшымыз. Мәзірі оңай, құрамдас бөліктері әр ас үйдің сөрелерінен табылады.
Құрамы:
Ақ қамыр:
2 жұмыртқа; 1 стақан айран; 1,5-2 стақан ұн; 1/3 стақан сұйық май; 1 стақан қант; 1 шай қасық қамыр қопартқышы.Какао қамыры:
2 жұмыртқа; 1 стақан айран; 1,5-2 стақан ұн; 1/3 стақан сұйық май; 1 стақан қант; 1 шай қасық қамыр қопартқышы; 3-4 ас қасық какао ұнтағы.Крем:
400г қаймақ; 200 г қойылтылған сүт; 1 стақан қант;
Үстін қалауыңыз бойынша сәндеңіз. Біз ұсақталған печенье ұнтағымен әрледік.
Торт дайын! Асыңыз дәмді болсын!