Мәзір: “Күн мен түн” бәліші

Бәліштің "күн мен түн" деп аталу себебі, қамыр түсінің аралас болуынан. Құрамындағы азықтарды көрсетілген мөлшерде салсаңыз, қамыр биік болады. Жасалу уақыты да ұзаққа созылмайды. Сәттілік! 

Құрамына:

Жұмыртқа — 3 дана

Ұн — 250 гр.

Сүт — 1 стақан

Маргарин (немесе сары май) — 200 гр.

Какао — 2 ас қасық

Ванилин қанты — 2 шәй қасық 

Қопсытқыш  — 1 шай қасық

Крахмал — 3 ас қасық

         

Дайындалуы:

Маргаринді жәй отта ерітеміз; Бөлек ыдысқа қант пен ванилинді араластыра саламыз; Енді бұл ыдысқа еріген маргаринді құямыз; Жұмыртқаны да саламыз;

         

Қоспаны әбден араластырамыз; Ұн, қопсытқыш және крахмалды араластырып, қоспаға саламыз; Үстіне сүт құямыз; Қоспаны тең бөліп, жартысын басқа ыдысқа құямыз; Ыдыстың тек біреуіндегі қоспаға ғана какао себеміз; Енді қалыпқа алдымен какао қосылған қамырды, үстіне ақ қамырды құямыз; Шанышқымен қалыпқа салынған екі түсті қамырды бір рет айналдырып шығамыз; Енді 180С температурада қызған пешке 30 минутқа саламыз; Піскеннен кейін қалыпты төңкеріп қойып, бәлішті түсіреміз.

        

       

       

       

       

      

    

    

    

    

    

Астарыңыз дәмді болсын!