- Негізгі бет
- Аспаздық
- Мәзір: “Күн мен...
Мәзір: “Күн мен түн” бәліші
Бәліштің "күн мен түн" деп аталу себебі, қамыр түсінің аралас болуынан. Құрамындағы азықтарды көрсетілген мөлшерде салсаңыз, қамыр биік болады. Жасалу уақыты да ұзаққа созылмайды. Сәттілік!
Құрамына:
Жұмыртқа — 3 дана
Ұн — 250 гр.
Сүт — 1 стақан
Маргарин (немесе сары май) — 200 гр.
Какао — 2 ас қасық
Ванилин қанты — 2 шәй қасық
Қопсытқыш — 1 шай қасық
Крахмал — 3 ас қасық
Дайындалуы:
- Маргаринді жәй отта ерітеміз;
- Бөлек ыдысқа қант пен ванилинді араластыра саламыз;
- Енді бұл ыдысқа еріген маргаринді құямыз;
- Жұмыртқаны да саламыз;
- Қоспаны әбден араластырамыз;
- Ұн, қопсытқыш және крахмалды араластырып, қоспаға саламыз;
- Үстіне сүт құямыз;
- Қоспаны тең бөліп, жартысын басқа ыдысқа құямыз;
- Ыдыстың тек біреуіндегі қоспаға ғана какао себеміз;
- Енді қалыпқа алдымен какао қосылған қамырды, үстіне ақ қамырды құямыз;
- Шанышқымен қалыпқа салынған екі түсті қамырды бір рет айналдырып шығамыз;
- Енді 180С температурада қызған пешке 30 минутқа саламыз;
- Піскеннен кейін қалыпты төңкеріп қойып, бәлішті түсіреміз.
Астарыңыз дәмді болсын!
М. Джуганисова