Мәзір: Құмырадағы қуырдақ

Қыш құмыралары ас үйдегі жақсы көмекші бола алады. Құмырадағы тағамдар дәмді, жұмсақ болып піседі. Солардың арасындағы оңай мәзірдің бірі - қуырдақ.

Құрамы: 

бауыр еті - 400 гр; құйрық май - 150 гр; картоп - 6-7 дана; пияз - 1 дана; сыр - 200 гр; тұз; сұйық май. Бауыр етін тұздап, құйрық майында қуырамыз. Үлкен тілімдерге туралған пиязды қосамыз. Тағы бір тұздап, баяу отта қуырамыз. Картопты турап, тұздаймыз. Картопты сұйық майда бөлек қуырамыз. Тұз қосқан дұрыс. Құмыраға қуырылған картоп саламыз. Үстінен ет саламыз. Тағы да картоп саламыз. Құмыраларды 170 градусқа дейін ысып тұрған пешке 30 минутқа саламыз. Сырды үккіштен өткізіп, себеміз. Тағы 10 минутқа пешке саламыз. Астарыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Сания Аринова