Қыш құмыралары ас үйдегі жақсы көмекші бола алады. Құмырадағы тағамдар дәмді, жұмсақ болып піседі. Солардың арасындағы оңай мәзірдің бірі - қуырдақ.
Құрамы:
- бауыр еті - 400 гр;
- құйрық май - 150 гр;
- картоп - 6-7 дана;
- пияз - 1 дана;
- сыр - 200 гр;
- тұз;
- сұйық май.
| Бауыр етін тұздап, құйрық майында қуырамыз. | |
| Үлкен тілімдерге туралған пиязды қосамыз. | |
| Тағы бір тұздап, баяу отта қуырамыз. | |
| Картопты турап, тұздаймыз. | |
| Картопты сұйық майда бөлек қуырамыз. Тұз қосқан дұрыс. | |
| Құмыраға қуырылған картоп саламыз. | |
| Үстінен ет саламыз. | |
| Тағы да картоп саламыз. | |
| Құмыраларды 170 градусқа дейін ысып тұрған пешке 30 минутқа саламыз. | |
| Сырды үккіштен өткізіп, себеміз. Тағы 10 минутқа пешке саламыз. | |
| Астарыңыз дәмді болсын! |
Дайындаған: Сания Аринова
С. А