Мәзір: Құмырадағы картоп

Қыш құмыралары - ас үйдегі таптырмас көмекші. Құмыраларда тамақтың көптеген түрлерін дайындауға болады. 

 Құрамы:

ет - 400 гр; картоп - 7-8 дана; сәбіз - 3 дана; пияз - 1 дана; тұз, бұрыш; сұйық май.  Пиязды майдалап тураймыз.  Сәбізді үккіштен өткіземіз.  Етті майдалап, сұйық майда бірнеше минут қуырамыз.  Пияз бен сәбізді қосып, тағы да 5 минут қуырамыз.  Картопты ұзын текшелерге тураймыз.  Картопты еттен бөлек, сұйық майға қуырып аламыз.   Құмыраға картопты саламыз. Үстінен қуырылған ет пен көкөністерді саламыз. Пісіру пешіне 180 градусқа 30-40 минутқа қоямыз.  Астарыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Сания Аринова