Құрамы:
Қой еті - 500гр;
Картоп - 5-6 дана;
Сәбіз - 1-2 дана;
Тұз;
Қара бұрыш;
Сарымсақ - 1-2 дана;
Қалаған дәмдеуіштеріңіз.
Дайындалуы:
Етті үлкен бөліктерге бөлеміз.
Қара бұрыш, сарымсақ, тұз, дәмдеуіштерді қосып араластырамыз.
Картоп пен сәбізді үлкен текшелерге тураймыз.
Көкөністерді етке қосып, араластырамыз.
Пісіру жеңін керегінше кесіп аламыз. Көкөністермен аралас етті жеңге саламыз. Шеттерін қыстырғыштармен байлаймыз.
Пешке 220°С-қа (одан жоғары емес!!!) 1 сағат көлеміне қоямыз.
Көкөністермен пісірлген хош иісті қой еті дайын! Асыңыз дәмді болсын!
Жеңді пайдаланудың ерекшеліктері туралы мына жерден оқыңыз.