- Негізгі бет
- Аспаздық
- Мәзір: Қой еті...
Мәзір: Қой еті
Құрамы:
Қой еті - 500гр;
Картоп - 5-6 дана;
Сәбіз - 1-2 дана;
Тұз;
Қара бұрыш;
Сарымсақ - 1-2 дана;
Қалаған дәмдеуіштеріңіз.
Дайындалуы:
- Етті үлкен бөліктерге бөлеміз.
- Қара бұрыш, сарымсақ, тұз, дәмдеуіштерді қосып араластырамыз.
- Картоп пен сәбізді үлкен текшелерге тураймыз.
- Көкөністерді етке қосып, араластырамыз.
- Пісіру жеңін керегінше кесіп аламыз. Көкөністермен аралас етті жеңге саламыз. Шеттерін қыстырғыштармен байлаймыз.
- Пешке 220°С-қа (одан жоғары емес!!!) 1 сағат көлеміне қоямыз.
Көкөністермен пісірлген хош иісті қой еті дайын! Асыңыз дәмді болсын!
Жеңді пайдаланудың ерекшеліктері туралы мына жерден оқыңыз.