- Негізгі бет
- Аспаздық
- Мәзір: Котлет...
Мәзір: Котлет
Котлет - бәріміздің сүйіп жейтін тағамдарымыздың бірі. Көбіміз оны әзірлеу қиын деп ойлаймыз. Шын мәнінде котлет дайындау аса қиын емес. Ал мына мәзір сізге котлет жасауда көмектеспек.
Құрамы:
| |
Картопты үккіштен өткіземіз. | |
Пиязды барынша майдалап тураймыз. | |
Нанды сүтке жібітіп қоямыз. | |
Фаршқа жұмыртқа қосып, араластырамыз. Оған картоп, пияз, езілген нанды қосамыз. Тұздап, бұрыштап, араластырамыз. | |
Фарштан котлет жасап, ұнға маламыз. | |
Табада май қыздырып, котлеттерді қуырамыз. | |
Екінші жағынан да қызарғанша қуырамыз. | |
Котлеттің бәрін қуырып болған соң, табаға су құйып, біраз суға бұқтырыңыз. | |
Гарнир ретінде күріш берсеңіз болады. |
Астарыңыз дәмді болсын!
Дайындаған: Сания Аринова
С. А