- Негізгі бет
- Аспаздық
- Мәзір: Көкөніс сорпасы...
Мәзір: Көкөніс сорпасы
Көкөніс сорпасының тез дайындалатын мәзірімен таныс болыңыздар. Бұл сорпа 30 минутта-ақ дайындалатын нағыз жазғы тағам.
Құрамы:
| |
Пиязды тазалап, майда қылып тураймыз. | |
Сарымсақты да дәл солай. | |
Қазанға май құйып, қыздырамыз. Қабырғаларды пияз бен сарымсақты қоса отырып қуырамыз. | |
Болгар бұрышын майда текшелерге тураймыз. | |
Сәбізді ұзын текшелерге бөлген дұрыс. | |
Қызанақты майдалаймыз. | |
Көкөністерді етке қосып, қуырамыз. Тұздаймыз. 5-10 минуттан кейін су қосып, қайнатамыз. Тұз бен бұрыш қосамыз. | |
Картопты текшелерге тураймыз. | |
Сорпаға картопты қосып, баяу отқа пісіреміз. |
Сорпа дайын, асыңыз дәмді болсын! |
Дайындаған: Сания Аринова
С. А