Күріштен түрлі тағам әзірлеуге болады. Оны Қытай, Корея, Жапония сынды мемлекеттерде көп жейді. Байқасаңыз, аталған мемлекеттерден толық адамды сирек кездестіреміз. Бұл күрішті көп жейтіндіктерімен байланысты болса керек. Күріш артық салмақтан арылуға көмектесіп қана қоймай, ішек жолын тазалайды. Денсаулықтарыңыз мықты, сыртқы келбеттеріңіз мінсіз болсын деген ниетпен кезекті материалымызда koolinar.ru әзірлеген мәзірді назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік. Олай болса, көкөніс қосылған күрішті бірге әзірлеп көрейік.
Қажет азық-түліктер тізімі:
- 2 стақан күріш;
- 300-400 г тауық қарыны;
- 2 қызанақ;
- 2 пияз;
- 1 болгар бұрышы;
- 1 баялды;
- 1 сәбіз;
- 2-3 ас қасық өсімдік майы;
- тұз;
- бұрыш.
1. Қарынды тұз қосылған суда пісіреміз. Қайнаған соң судан сүзіп алып, тураймыз. Сорпасын төкпейміз.
2. Көкөністерді дайындаймыз. Пияз бен сарымсақты майдалап тураймыз. Қызанақты төртбұрыш етіп кесеміз. Бұрыш пен баялдыны кесеміз. Сәбізді үккіштен өткіземіз. Табадағы май қызған соң бірінші сарымсақты қуырамыз.
3. Артынша пияз бен сәбізді қосып, қуырамыз. 1-2 минуттан соң бұрыш пен баялдыны саламыз.
4. Қызанақ пен асқазандарды қосамыз.
5. Көкөністердің үстіне сорпа құямыз. Жуылып, тазаланған күрішті саламыз.
6. Күріштің құрғақ болмағаны жөн. Осымен мәзіріміз дайын. Астарыңыз дәмді болсын!