Кейде кешкісін ерекше бір тағам жегіміз келіп тұрғанда, тоңазытқыштың ішінде тек ең керек деген азық-түліктер ғана тұрады. Тез әрі оңай жасалынатын, сонымен қатар, әр ас үйден табылатын заттардан әзірленетін мына бәліш сондай кезде таптырмас мәзір.
| Құрамы:
| |
| Жұмыртқаны тұзбен араластырыңыз. | |
| Жұмыртқаға айран, сұйық май қосып, жақсылап араластырыңыз. | |
| Үстінен ұн мен қамыр қопартқышын қосып, қамыр илеңіз. Қамырыңыз қолға жабысатын, қою да, сұйық та емес болуы керек. | |
| Картопты майда текшелерге тураңыз. | |
| Сәбізді де дәл солай етіп майдалаңыз. | |
| Көкөністерді майонезбен араластырыңыз. | |
| Көкөністерді қамырға қосып, жақсылап араластырыңыз. | |
| Май жағылған пішінге қамырды біркелкі, жұқа қылып орналастырыңыз. 180-200 градусқа ысытылған пешке салыңыз. | |
| 40-50 минуттан кейін бәлішті тексеріп көріңіз. Беті сарғайып жатса, пісті деген сөз. | |
| Көкөніс бәліші дайын. Ас болсын! |