- Негізгі бет
- Аспаздық
- Мәзір: Картоп ұялары...
Мәзір: Картоп ұялары
Тамаққа не жасаймын деп күнде ойланасыз ба? Әрине, отбасыңызға ерекше тамақ істеп бергіңіз-ақ келеді, алайда, мейрамхананың асына ұқсайтын ерекше тағамдарға уақыт пен шеберліктің керек екені рас. Қапаланбаңыз! Әр асханада табылатын азық-түліктерден жасалынатын мына ас мәзірі әркімнің қолынан келеді.
Дайындалу уақыты: 35 мин;
Құрамы:
- Картоп - 600гр;
- Жұмыртқа - 4 дана;
- Сұйық май;
- Тұз;
- Басқа да дәмдеуіштер;
Картопты тазалаймыз. Оны ұзын жіңішке текшелерге турап, суға салып бірнеше рет жуып аламыз.
Суын ағызып, орамалға жайып кептіреміз.
Кепкен картопқа тұз бен дәмдеуіштер қосып араластырамыз.
Туралған картопты майға 7 минут араластырмай қуырамыз. Қуырылған картопты оттан алып, қасықтың көмегімен кері аударамыз.
Картоп бәлішінде симметриялы болатындай жұмыртқа құятын 4 жер дайындаймыз.
Пісіру пешін 200С градусқа дейін қыздырып, картоп бәлішін саламыз. 6 минуттан соң жұмыртқаларды құйып, пісіру пешіне қайта 5 минутқа қоямыз. Осы кезде картоптың бетін қақпақпен жапқан абзал.
Картоп ұялары дайын! Асыңыз дәмді болсын! Қосарыңызды форумға жазыңыз.
С. А