Италия асханасы пицца, спагетти сынды тағамдарының арқасында бүкіл әлемге танымал. Бұдан өзге тәтті тағамдары да бар. Солардың бірі – Капрезе торты. Жылдам дайындалады әрі дәмі тіл үйіреді. Оны сіздер де жасап көріңіздер.
Қажет азық-түліктер тізімі:
- 50 г бадам;
- 50 г сары май;
- 50 г қара шоколад;
- қант ұнтағы;
- 1 жұмыртқа;
- тұз;
- торт дайындауға арналған ыдыс.
1. Шоколад пен майды араластырамыз.
2. Бадам қосамыз.
3. Жұмыртқа мен қант ұнтағын араластырамыз.
4. Жоғарыдағы екі қоспаны араластырамыз.
5. Микротолқынды пеште 3 минут 40 секунд пісіреміз.
6. Тортымыз дайын, ас дәмді болсын!