Қазақ халқы қонақжай болғандықтан, үйіне келген қонақты жадырап қарсы алып, алдына бар тәттісін ұсынады. Кейде үйде азық-түлік болмай қалатын кездер болады. Осыған орай, қол жетімді азық-түліктерден әзірленетін ерекше мәзір ұсынуды жөн көрдік.
Қажет азық-түліктер тізімі:
- 0,5 кг картоп;
- сары май;
- тұз бен бұрыш;
- 300 гр ірімшік;
- 6 жұмыртқа.
1. Пешті 180 градусқа дейін қыздырамыз.
2. Асқан картоптың ішін шай қасықпен босатамыз.
3. Ішіне сары май жағып, тұз бен бұрыш себеміз.
4. Бұдан кейін ішіне ірімшікті үккіштен өткізіп саламыз.
5. Кейін үстіне шикі жұмыртқаны жарамыз.
6. Қайтадан тұз сеуіп, ірімшік саламыз.
7. Шамамен 20 минут пісіреміз.
Піскен соң көк шөппен әрлеуге болады. Астарыңыз дәмді болсын!