Құрамы:
Қант — 1,5 стақан
Жұмыртқа — 3 дана
Маргарин — 150 гр.
Ас содасы — 2,5 ас қасық
Бал — 4 ас қасық
Ұн — 4,5-5 стақан
Креміне:
Қоюлатылған сүт — 1 банка
Сары май — 200 гр.
Дайындалуы:
Жұмыртқа мен қантты қосып, миксердің көмегімен араластырамыз;
Маргаринді ерітеміз;
Еріген маргаринді жұмыртқа мен қант қоспасына қосамыз;
Үстіне 4 ас қасық балды қосамыз;
Ыдыстағы қоспаны ыстық су құйылған кең ыдысқа саламыз(паровая баня);
Қоспаны үздіксіз араластырып тұру керек (30 минут); Енді ас содасын қосып, қоспа көлемі 2 есеге ұлғайғанға дейін араластырамыз; 2 стақан ұнды салып, араластырып, суытып қоямыз;
Бұл уақытта кремін дайындаймыз: 1 банкі қоюлатылған сүт пен сары майды миксердің көмегімен араластырамыз;
Қалған ұнды да салып, қамыр илейміз;
Қамырды 8-9 бөлікке бөлеміз. Әр бөлікті қалып көлемімен бірдей етіп жаямыз;
Енді қамырларды 5 минуттан пісіреміз;
Ыстық күйінде әр шелпекке дайындалған кремді жағып отырамыз;
Крем жағылған шелпектерді қабатымен орналастырамыз;
Соңынан барып, торттың қалған ұнтақтарын немесе жаңғақтарын сеуіп, сәндейміз;
Жаңажылдық торт дайын! Жаңа жыл құтты болсын!