Мәзір: "Грек" салаты

Құрамы:

Қызанақ — 500 гр. ( 3 қызанақ)

Болгар бұрышы — 350 гр. (2 дана)

Қияр — 400 гр. ( 3 қияр)

Пияз — 150 гр. ( 2 ұсақ пияз жеткілікті)

Сүзбе ірімшік (брынза) — 200 гр.

Зәйтүн — 150 гр.

Тұздығына:

Зәйтүн майы — 5 ас қасық

Лимон шырыны — 2 ас қасық

Тұз бен бұрыш — бір шымшымнан қосамыз.

Дайындалуы:

Қызанақтарды ірі етіп тураймыз;

      

Қиярды ортасынан бір бөлгеннен кейін, жіңішке тіліктерге тілеміз;

      

Болгар бұрышын тұқымдарынан ажыратып, ұзынша етіп тураймыз;

      

Пиязды да жарты сақиналарға тураймыз;

       

Сүзбе ірімшігін ірі текшелерге тураймыз;

       

Тұздығын дайындау үшін  зәйтүн майын лимон шырынымен араластырып, тұз бен бұрыш саламыз;

        

Табаққа туралған көкөністерді салып, тұздығымен араластырамыз. Ал сүзбе ірімшігі мен зәйтүндерді ең соңынан барып саламыз;

        

Дастарханға ұсынар алдында салатты  жапырақтармен сәндеуге болады.

        Салат дайын! Астарыңыз дәмді болсын!