Құрамы:
Сиыр еті — 500 гр.
Картоп — 4 дана
Пияз — 1 дана
Ірімшік — 150 гр.
Майонез — 150 гр.
Ас тұзы — 1 шай қасық
Қара бұрыш — 1 шай қасық
Қызанақ – 2 дана
Дайындалуы:
Етті қалыңдығы 2-3 см етіп турап, жұқа етіп жаншып, пеш қалпына саламыз. Үстіне тұз бен бұрыш себіледі;
Картопты да жұқалап тураймыз;
Қызанақ пен пиязды жарты дөңгелектерге тураймыз;
Енді еттің үстіне пияз бен қызанақты кезегімен саламыз;
Соңғы қабаты туралған картоптан болады. Үстіне аздап тұз себіңіз. Енді майонез құямыз;
Майонезді біртегіс етіп жағамыз;
Енді дайын болған қабаттарды t=180~200°С температурада қызған пеште 30 минут пісіреміз; Бұл уақытта ірімшікті үккіштен өткіземіз;
30 минут өткен соң, тағамды шығарып, үккіштен өткізген ірімшікті сеуіп, осы температурада 15 минутқа қайта саламыз;
10-15 минут өткен соң, "французша пісірілген ет" тағамы дайын болады.
Астарыңыз дәмді болсын!