МӘЗІР: Фасоль салаты

Бұл мәзір тәжірибемдегі тойымды тамақтардың арасында дайындалуы ең оңай, ең тез пісетін тағамдардың бірі. Күнделікті асқа, не мерекелік үстелге ыстық, не суық дәмтатым ретінде ұсынсаңыз болады.

Құрамы:

1 құты консервіленген фасоль; 2-3 дана сәбіз; 1 дана пияз; сұйық май; тұз, қара бұрыш. Сәбіз бен пиязды орташа текшелерге тураймыз. Қызған майға сәбізді, бірнеше минут өткеннен кейін пиязды қосып қуырамыз. Аздап тұздап қойсаңыз болады. Қуырылған көкөністерге фасольді қосамыз. Консервідегі суын қоспаған дұрыс. Тұздап, бұрыш қосыңыз. Араластырып, баяу отқа 10-15 минутқа бұқтырамыз. Фасоль қосылған салат дайын. Ыстық не суық күйінде дастарханға ұсынсаңыз болады. Астарыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Сания Аринова