Мәзір: ет, қызанақ және жұмыртқа қосылған салат

Бұл салаттың да өзгеше дәмі бар. Құрамына енген бөдене жұмыртқалары мен черри қызанақтары салатты ерекшелендіре түседі.

 Құрамы:

Пісірілген сиыр еті — 150 гр.

Черри қызанақтары — 12 дана (немесе 3 қарапайым қызанақ)

Бөдене жұмыртқалары — 8

Салат жапырақтары — бір бума

Өсімдік майы — 5 ас қасық

Сірке суы — 1ас қасық

Сарымсақ — 2бас

Қыша (горчица) — бір шай қасық

Тұз бен бұрыш — бір шымшымнан

 Дайындалу жолы:

Пісірілген етті ұзынша етіп тураймыз;

       

Салат жапырақтарын да бөлшектерге бөлеміз;

       

Тұздығы үшін май, сірке суы, қышаны бір ыдыста араластырамыз. Оған сарымсақты сығып саламыз да, тұз бен бұрыш қосып араластырамыз;

      

Черри қызанақтарын ортасынан бөліп, тураймыз;

      

Бөдене жұмыртқаларын да ортасынан бөлеміз;

      

Тәрелкеге салат жапырақтарын салып, тұздықтан құйып, үстіне қызанақтар мен жұмыртқаларды суреттегідей етіп, саламыз.

      

Астарыңыз дәмді болсын!