- Негізгі бет
- Аспаздық
- Мәзір: ет, қызанақ...
Мәзір: ет, қызанақ және жұмыртқа қосылған салат
Бұл салаттың да өзгеше дәмі бар. Құрамына енген бөдене жұмыртқалары мен черри қызанақтары салатты ерекшелендіре түседі.
Құрамы:
Пісірілген сиыр еті — 150 гр.
Черри қызанақтары — 12 дана (немесе 3 қарапайым қызанақ)
Бөдене жұмыртқалары — 8
Салат жапырақтары — бір бума
Өсімдік майы — 5 ас қасық
Сірке суы — 1ас қасық
Сарымсақ — 2бас
Қыша (горчица) — бір шай қасық
Тұз бен бұрыш — бір шымшымнан
Дайындалу жолы:
- Пісірілген етті ұзынша етіп тураймыз;
- Салат жапырақтарын да бөлшектерге бөлеміз;
- Тұздығы үшін май, сірке суы, қышаны бір ыдыста араластырамыз. Оған сарымсақты сығып саламыз да, тұз бен бұрыш қосып араластырамыз;
- Черри қызанақтарын ортасынан бөліп, тураймыз;
- Бөдене жұмыртқаларын да ортасынан бөлеміз;
- Тәрелкеге салат жапырақтарын салып, тұздықтан құйып, үстіне қызанақтар мен жұмыртқаларды суреттегідей етіп, саламыз.
Астарыңыз дәмді болсын!
А. Байжан