- Негізгі бет
- Аспаздық
- Мәзір: "Дуэт" торты...
Мәзір: "Дуэт" торты
Құрамы:
Жұмыртқа — 4 дана
Ұн — 1 стақан
Қопсытқыш — 1 шай қасық
Грек жаңғақтары — 1/3 стақан
Мейіз — 1/3 стақан
Кіреміне:
Қант — 1 стақан
Қаймақ — 200 гр. қосамыз.
Дайындалуы:
Кіремі:
- 200 гр.қаймақты миксердің көмегімен шайқап алу керек;
- Оған қант қосып, тағы араластырамыз;
Негізгі әрекет:
- Кең ыдыста екі жұмыртқаға қант қосып, миксердің көмегімен араластырамыз;
- Жұмыртқаға 1 шай қасық қопсытқышты қосамыз;
- Қоспаға енді ұн қосып, миксердің көмегімен араластыруды жалғастырамыз;
- Жаңғақтарды майда етіп езіп, мейізді де майда етіп тураймыз;
- Қамырды екі ыдысқа бөліп аламыз да, біріне мейіз, келесісіне жаңғақ ұнтақтарын қосамыз;
- Енді әр тостақтағы қамырды бөлек 180° температурада 20 минуттан пісіріп аламыз;
- Піскеннен кейін екі бөліктің арасына крем жағып, қосамыз;
- Жаңғақ пен мейізді,сондай-ақ макті көркемдегіш құралдар ретінде пайдаланып, торттың бетін сәндеуге болады..
Торт әзір!
А. Байжан