Мәзір: десертке тропикалық жемістер салаты

Құрамы:

Ананас — 1 дана

Банан — 2 дана

Апельсин —1 дана

Киви — 2 дана

Алма — 1 дана

Жаңғақтар — 200 гр (кез келгені жарайды)

Йогурт — 2 қорап (немесе қант пудрасымен араластыруға болады)

 Дайындалуы:

Бұл салатты қарапайым ыдыста дайындауға болады, дегенмен, мерекелік үстелдің сәні үшін ананасқа салынғаны әлдеқайда әдемі.

Ананасты екіге бөлеміз де, ішкі мәйегін түгел кесіп аламыз;

       

Ананас мәйегін текшелерге тураймыз;

       

Банан мен кивиді де бірдей текшелерге тураймыз;

       

       

 Апельсинді қабығынан ажыратып, сүйектерін шығарып, майда етіп тураймыз;

       

Соңынан алманы да текшелерге турап, жемістер қоспасына қосамыз;

       

Енді туралған жемістерді бір ыдыста араластырып, йогуртты құямыз;

       

Грек жаңғақтарын езіп, салатқа қосамыз, тағы араластырамыз; Пайда болған салатты ананас қабығына саламыз;

       

        Десерт дайын.