Моңғол, түрік, кавказ халықтарының ұлттық тағамының бір түрі болатын чебуректер тұзды қамырдан жасалынып, түрлі салындысы болатын тағам. Назарларыңызғда дәстүрлі етті салындыдан емес, жұмыртқа мен жусайдан жасалынған салындысы бар чебуректердің мәзірі.
| Құрамы: Қамыр:
Салынды:
|
Жұмыртқаны айранмен араластырып, тұздаймыз. | |
Қажетінше ұн қосып, жұмсақ қамыр илейміз. | |
Қамырды 20 минутқа бетін жауып қоямыз. | |
Жұмыртқаны пісіріп, майдалап тураймыз. | |
Жусайды жуып, майдалаймыз. | |
Салындыны тұзбен араластырамыз. | |
Қамырды бірнеше майда бөліктерге бөлеміз. | |
Әр бөлікті жұқа қылып жаямыз. | |
Ортасына салындыны салып, шеттерін тығыз етіп жабамыз. | |
Чебуректі ысып тұрған майға екі жағынан қуырамыз. | |
Чебуректер дайын! Астарыңыз дәмді болсын! |
Дайындаған: Сания Аринова
С. А