Мәзір: "Бюрек" тіскебасары

Назарларыңызға түрік және болгар халқының ұлттық дастарханында кездесетін бюрек атты тіскебасардың мәзірін ұсынамыз. Жасалуы оңай әрі көп уақыт пен азық-түлікті қажет етпейтін бұл қытырлақтар отбасыңыздың көңілінен шығады деп үміттенеміз.

Құрамы: 

юфка (жұқа түрік лавашы) немесе жай лаваш; картоп - 6-7 дана; тұз; дәмдеуіштер; сұйық май.

Картопты тазалап, жуып, ұсақ текшелерге тураймыз.

Оны қайнаған суда 15 минут пісіреміз.

Піскен картоптан езбе жасаймыз. Оған тұз, дәмдеуіштер қосамыз.

Лавашты үшбұрыш пішінді қылып бөлеміз.

Езбені суреттегідей орналастырамыз.

Лавашты екі шетінен бүгеміз.

Бюректі орай бастаймыз.

Ұшын сулап жабыстырамыз.

Бюректі қызған майға екі жағынан қуырамыз.

Бюрек дайын! Ас дәмді болсын!