Мәзір: Бұршақ қосылған ет

Мәзір: Бұршақ қосылған ет

Кезекті әзірленуі оңай, көп уақытты талап етпейтін мәзірмен таныс болыңыздар.

Құрамы:

  • сиыр еті - 300-400 гр;
  • сәбіз - 2-3 дана;
  • пияз - 1 дана;
  • консервіленген бұршақ - жарты банка;
  • тұз, бұрыш;
  • сұйық май.
Етті тураймыз.
Қызған майға қуырамыз. Тұздап, бұрыштауға болады.
Пиязды майдалап тураймыз.
Сәбізді де тураймыз.
Қуырылған етке сәбіз, пияз қосамыз. Тағы бір тұздап, баяу отта қалдырамыз.
Бұршақ қосып, араластырамыз. Тағы 5 минутқа қалдырамыз.
Етті күрішпен ұсынсаңыз болады. Астарыңыз дәмді болсын.

 

Дайындаған: Сания Аринова

С. А