- Негізгі бет
- Аспаздық
- Мәзір: Борщ...
Мәзір: Борщ
Украина, Ресей, Польша, Белоруссия, Румыния, Молдавия, Литва сияқты елдерінің ұлттық дастарханына тән борщ кәзіргі таңда елімізде де сүйікті тағамдардың біріне айналды. Борщтың басты құрамдас бөлігі - қызылша. Әрине, қазақ халқына етінің көбірек болуы да маңызды. Назарларыңызда Массагет ұсынған борщ мәзірі.
Құрамы:
- ет - 500 гр;
- картоп - 400 гр, немесе 5 үлкен дана;
- сәбіз - 200 гр, немесе 2 дана;
- пияз - 100гр, немесе 1 кішкентай дана;
- қызылша - 300 гр, немесе 2 кішкентай дана;
- орамжапырақ - 300 гр, немесе үлкен орамжапырақтың 1/3-і;
- сұйық май;
- су;
- тұз - 1/2 ас қасық;
- дәмдеуіштер мен көк шөп қалауыңыз бойынша;
Сүйегі бар ет кесегін жуамыз.
Етті суға салып, тұздап, қазанда 2 сағат бойы қайнатамыз.
Сорпаның тұзын тексеріп, көбігін аламыз.
Картопты екіге бөліп, сорпаға саламыз.
Сәбізді үккіштен өткіземіз.
Пиязды майдалап тураймыз.
Қызылшаны да үккіштен өткіземіз.
Пияз, сәбіз бен қызылшаны майға қуырамыз. Қалауыңыз бойынша, дәмдеуіштер мен тұз қоссаңыз болады. Қуырылған көкөністерді сорпаға қосамыз.
Орамжапырақты майда, ұзын қылып тураймыз. Сорпаға қосамыз.
Сорпаны бір қайнатып, отын басып қоямыз. 10-15 минут пісіреміз.
Борщ дайын. Астарыңыз дәмді болсын!
С. А