Балда маринадталған тауық еті - ерекше дәмі бар әрі оңай пісірілетін тағам. Бал тауық етіне ерекше дәм береді. Кешкі асыңызға мәзір дайын!
Құрамы:
тауық еті - 300 г; 1 ас қасық өсімдік майы; 1 ас қасық бал; 1 кішкентай лимон шырыны; тұз, бұрыш, басқа да дәмдеуіштер;Дайындалуы:
Алдымен, маринад әзірлейміз. Ол үшін өсімдік майы, бал, лимон шырыны мен тұз, бұрыш, басқа да дәмдеуіштерді қосып, жақсылап араластырамыз.
Тауық етін орта өлшемді текшелерге тураймыз. Оны бір сағат көлемінде дайындаған маринадқа салып қоямыз.
Бір сағаттан кейін табаны қатты қыздырып, тауық етін маринадымен бірге қуырамыз.
Маринад түгелімен буланып кеткеннен кейін, отын басып, 5 мин. бойы жабық қақпақтың астында бұқтырамыз.
Бүгінгі асымыз дайын! Тәбетіңіз ашылса, қарап отырмай, дайындауға кірісіңіз! Ас болсын!