Жұмсақ, нәзік ет әзірлеудің бір әдісі - оны айранға бұқтыру. Бұл әдіспен тіпті етті кәуапқа маринадтайды.
Құрамы:
сиыр еті - 400 гр; айран - 1 стақан; пияз - 1 дана; сарымсақ - 1 бас; сұйық май; тұз, бұрыш.
Етті орташа бөліктерге тураймыз.
Тұздап, бұрыштаймыз. Үстінен айран құйып, тоңазытқышқа 30 минутқа қоямыз.
Пиязды майдалап тураймыз.
Пиязды қыздырылған майға қуырамыз.
Етті тұздықтан шығарып, 5-10 минут қуырамыз. Артынан қалған айранды құйып, тұздыққа бұқтырамыз. Ет жұмсарғанша ұстаңыз.
Етпен піскен бірге күріш ұсынсаңыз болады. Астарыңыз дәмді болсын. Дайындаған: Сания Аринова