Мәзір: Айранда бұқтырылған ет

Мәзір: Айранда бұқтырылған ет

Жұмсақ, нәзік ет әзірлеудің бір әдісі - оны айранға бұқтыру. Бұл әдіспен тіпті етті кәуапқа маринадтайды. 

 

Құрамы:

  • сиыр еті - 400 гр;
  • айран - 1 стақан;
  • пияз - 1 дана;
  • сарымсақ - 1 бас;
  • сұйық май;
  • тұз, бұрыш.
Етті орташа бөліктерге тураймыз.
Тұздап, бұрыштаймыз. Үстінен айран құйып, тоңазытқышқа 30 минутқа қоямыз.
Пиязды майдалап тураймыз.
Пиязды қыздырылған майға қуырамыз.
Етті тұздықтан шығарып, 5-10 минут қуырамыз. Артынан қалған айранды құйып, тұздыққа бұқтырамыз. Ет жұмсарғанша ұстаңыз.
Етпен піскен бірге күріш ұсынсаңыз болады. Астарыңыз дәмді болсын.
Дайындаған: Сания Аринова  
С. А