Пеште пісетін келесі тағамның дәмі ерекше. Құрамы қарапайым болғанымен, тағамды қонақтарға да әзірлеуге болады.
Құрамы:
Асқабақ — 500 гр.
Тартылған ет — 350 гр.
Ірімшік — 300 гр.
Пияз — 1 дана
Зәйтүн — 100 гр.
Базилик — 1 шай қасық
Қызанақ пастасы — 1 ас қасық
Тұз бен бұрыш — бір шымшымнан
Дайындалуы:
Пиязды турап, қызған майда қуырамыз. 5 минуттан кейін пиязға 1 ас қасық томат пастасын саламыз;
Оған тартылған етті қосып, тағы 20 минут жай отта пісіреміз. Етке тұз бен бұрыш қосылады;
Асқабақты ірі етіп тураймыз;
Енді арнайы ыдысқа алдымен туралған асқабақты төсеп, оның үстіне қуырылған ет пен пиязды төсейміз.;
Зәйтүндерді ортасынан екіге бөліп, еттен кейін орналастырамыз; Бұдан кейін астың бетіне базиликті себеміз; Енді тағамды 180 градус температурада, 20 минутқа пешке жөнелтеміз; Ірімшікті үккіштен өткіземіз;
20 минут өткен соң, астың бетіне үккіштен өткізілген ірімшікті сеуіп, тағы да 10 минут пеште пісіреміз;
Астарыңыз дәмді болсын!