Пеште пісетін келесі тағамның дәмі ерекше. Құрамы қарапайым болғанымен, тағамды қонақтарға да әзірлеуге болады.
Құрамы:
Асқабақ — 500 гр.
Тартылған ет — 350 гр.
Ірімшік — 300 гр.
Пияз — 1 дана
Зәйтүн — 100 гр.
Базилик — 1 шай қасық
Қызанақ пастасы — 1 ас қасық
Тұз бен бұрыш — бір шымшымнан

Дайындалуы:
- Пиязды турап, қызған майда қуырамыз. 5 минуттан кейін пиязға 1 ас қасық томат пастасын саламыз;

- Оған тартылған етті қосып, тағы 20 минут жай отта пісіреміз. Етке тұз бен бұрыш қосылады;

- Асқабақты ірі етіп тураймыз;

- Енді арнайы ыдысқа алдымен туралған асқабақты төсеп, оның үстіне қуырылған ет пен пиязды төсейміз.;

- Зәйтүндерді ортасынан екіге бөліп, еттен кейін орналастырамыз;
- Бұдан кейін астың бетіне базиликті себеміз;
- Енді тағамды 180 градус температурада, 20 минутқа пешке жөнелтеміз;
- Ірімшікті үккіштен өткіземіз;

- 20 минут өткен соң, астың бетіне үккіштен өткізілген ірімшікті сеуіп, тағы да 10 минут пеште пісіреміз;

Астарыңыз дәмді болсын!
А. Байжан