Мәзір: Ащы тілдер

Мәзір: Ащы тілдер

Баклажан жаз-күз маусымында базар сөрелерінде ең жиі кездесетін көкөністердің қатарында болады. Осы кезде оның бағасы да әлдеқайда арзандайды. Бұны қалт жібермей, баклажаннан мысалға мынандай ащы тілдер тіскебасарын әзірлеп көріңіз.

Құрамы:

  • баклажан - 3 дана;
  • қызанақ - 2-3 дана;
  • сарымсақ - 1 дана;
  • сұйық май;
  • майонез;
  • қара бұрыш.
Баклажанды жуып, дөңгелек текшелерге тураймыз. 
Баклажанды суы тазарғанша жуамыз. Тұзды суға 5-10 минутқа салып қойған дұрыс. Артынан майлыққа кептіруді ұмытпаңыз.
Табаға май қыздырамыз. Қызған майға баклажанды екі жағынан алтын түске боялғанша қуырамыз.
Қуырылған баклажан текшелерінен майын ағызып, құрғатамыз.
Ол құрғағанша майонезге үгітілген сарымсақ пен қара бұрышты қосып, тұздық даярлаймыз.
Тәрелкеге баклажан текшелерін жайып, үстінен дайындаған тұздықты жағамыз.
Қызанақты әдемі бірдей текшелерге тураймыз.
Баклажанның үстіне қызанақ жайғастырамыз. Қаласаңыз, бірнеше қабат істесеңіз болады.
"Ащы тілдер" дайын! Астарыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Сания Аринова

С. А