«Анюта» десерті жылдам әзірленіп, дәмі тіл үйіреді. Оны үлкендер мен балалар қатар сүйіп жейді. Аталған десертті бірге әзірлеп, отбасымызды тәтті тағаммен қуантайық.
1. Үш стақанның әрқайсысына 30 гр печенье, 0,5 ас қасық шәрбат салып, араластырамыз.
2. Сүзбе мен жидектерді, жалбызды және 2 ас қасық жалбыз шәрбатын жақсылап араластырамыз. Дәмінің қышқыл екенін байқасаңыз, шәрбатты көбірек қосуыңызға болады.
3. Жоғарыда дайындаған қоспаны печенье салынған стақанның үстіне құямыз. Артынша тоңазытқышқа қоямыз.
4. Дәмін татпас бұрын барлығын жақсылап араластырамыз. Десертіміз дайын!